Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеудесін жалаңаштаған отандық атышулы актриса елдің қаһарына ұшырады (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал актриса Дарья Александрова желіні шулатты. Бұған дейін де ашық фотоларымен бөлісіп тұратын киножұлдыз бұл жолы тіптен кеудесін жалаңаштап тастаған. Өнер иесі Instagram парақшасында төстартқышсыз түскен фотосын жариялап, көпшіліктің ашуын келтірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dariya_aleksandrova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dariya_aleksandrova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Дарья Александрова ел назарын өзіне қалай аударту керек екенін жақсы білетін жұлдыздар қатарында. Отандық телехикаялар арқылы қалың көпшілікке танылған актриса кезекті ашық суреті үшін елден оңбай сөз естіді. Алайда, бұл жолы ол толассыз сынның астында қалды. Оған кеудесін мүлдем жалаңаштап тастап түскені себеп болса керек.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген фотода оның төстартқышсыз тұрғанын көруге болады. Актриса үстіне мүлдем ештене кимеген. Ашық омырауын Дарья қолымен ғана жауып тұр.

Александрованың бұл қылығы көптің қытығына тиіп, желіде үлкен дауға айналды. Оқырмандар ажырасқан оның үстіне баласы бар ананың бұл әрекетін аса ерсі санап, оны сөгіп тастады.

"Жігіттерді аясаңшы" , "Менің ойым, сіз өзіңізге әлі күнге дейін не керегін білмейсіз" , "Бұл жазбаңмен ер адамдарға үндеу жасап жатырсың ғой. Қарым-қаьынас жетіспей жүр-ау" , "Қай мейрамханада төсті жалаңаштап отырады" , "Ұят емес пе, сөзім жоқ" , - деп жазыд көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін төсін жалаңаштап танылған Динагүл Тасованы Жанар Айжанова қалай сынға алғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1838130-keudesin-zalaastagan-otandyk-atysuly-aktrisa-eldi-kaaryna-syrady-foto/

pixel