Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 200 теңгелік монета айналымға шықты

Опубликовано:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі номиналдық құны 200 теңгелік монеталарды айналымға шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ұлттық банк баспасөз қызметі
Фото: Ұлттық банк баспасөз қызметі: Facebook

Монеталардың дизайны мемлекет басшысының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орындалған.

Биколорлы айналыстағы монеталар дизайнының стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркемдік элементтерінің үйлесімі бар.

Монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалған. Қыры тегіс және бедерлі секторлармен кезектесіп отыратын 16 ойықпен бедерленген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде мемлекеттік елтаңба, айналдыра эмитент елді білдіретін "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY" деген жазба бейнеленген. Монетаның төменгі жағында соғылған жылын білдіретін "2020" деген жазу бар.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде номиналын білдіретін және номинал цифрының кескінін қайталайтын көлденең сызықтар бедері аясында орындалған "200" деген жазу бар. Монетаның жоғарғы және төменгі бөліктерінде – тік сызықтар түрінде орындалған ою-өрнек кескіндері.

Монетаның төменгі бөлігінде – тарамдалған сызықтар аясында орындалған, ұлттық валютаның мәтіндік атауын білдіретін "TEŃGE" деген жазу. Монетаның сол жақ бөлігінде QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI эмитент банкті білдіретін "QUB" аббревиатурасы бар. Монетаның оң жақ бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін байқауға болады.

Айта кету керек, номиналы 200 (екі жүз) теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және айналымнан табиғи тозу шамасына қарай алынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1838144-kazakstanda-200-tegelik-moneta-ajnalyska-sykty/

pixel