Выйти
RU

Коронавирустың таралуына байланысты ШҚО-дағы барлық шекаралар жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қытайда басталып, Таиланд, Шри-Ланка мен Германияға дейін жеткен коронавирусқа байланысты аймақтағы жағдай туралы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Бұл туралы өңір басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Ахметовтың сөзінше, Тоқаевтың тапсырмасымен Қытайдан шыққан коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған.

"ҚХР-мен біздің облыстың шығыс бөлігі шектеседі. 2 ақпанға дейін "Бақты" және "Майқапшағай" кеден бекеттері арқылы шекарадан өту тоқтатылды. Қазіргі таңда екі бағытта да азаматтар мен тауарлардың қозғалысын толық тоқтату мәселесі шешілуде.

ШҚО-да азаматтарымызды қауіпті аурудан қорғау үшін не істелінді:

1. Шекаралық бекеттердегі санитарлық-бақылау пункттері тепловизорлармен жабдықталды. Бақты және Майқапшағайда 6 тепловизор бар. Семей және Өскемен әуежайларында жолаушыларды мониторингтен өткізу үшін үш тепловизор жұмыс істейді. Алдағы күндері "Ақтоғай" теміржол станциясын тепловизорлармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. ⠀ 2. Өңірдің барлық медициналық ұйымдары жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде. Вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры, сондай-ақ 12 400 қорғаныш костюмдері, 670 000 респиратор және 7 млн. бірреттік маскалар бар. ⠀ 3. Күдікке ілінген, вирус жұқтырған адамдарды тасымалдайтын 2 жеке көлік капсуласы дайын. Тағы 4 капсулаға және Л-1 типті 18 қорғаныш костюміне өтінім берілді. ⠀ 4. Қытай шекарасынан ары-бері өткен азаматтардың денсаулық жағдайы мұқият бақылауға алынған", - деді ол.

Аймақ басшысы қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавируспен ауру фактілері тіркелмегенін, жағдай жіті бақылауында екенін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Кезекті жиында Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді. Бүгінде аталған қалада қауіпті вирустан жүзге жуық адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустың таралуына байланысты ШҚО-дағы барлық шекаралар жабылды