RU
Қауіпті вирус: Қытайда жоспарланған теннис турнирі Қазақстанда өтетін болды

Қауіпті вирус: Қытайда жоспарланған теннис турнирі Қазақстанда өтетін болды

Рассказать Вконтакте

Ақпан айының алғашқы онкүндігінде аспан асты елінде өтуі керек болған халықаралық теннис жарыстарының ойындары коронавирустың кесірінен Қазақстанға ауыстырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Халықаралық турнир вирустың салдарынан Қытайдан Қазақстанға ауыстырылды

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жарыс 4 ақпан күні басталып, Дұнғанда бес күн болуы керек еді. Алайда оларды Қазақстан астанасы - Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыру туралы шешім қабылданды деп жазады The New York Times.

Атап өтейік, спорттық іс-шаралар сол күндері өтетін болады. Бұл шешім Қытайдың бірнеше қаласында карантинге байланысты қозғалуға шектеулер қоюына байланысты қабылданды.

Матчқа алты түрлі елдің спортшылары қатысады.

Жалпы, вирустың кесірінен Қытайда футбол, бокс секілді көптеген спорт түрі бойынша жарыстардың кейінге шегерілгені белгілі болды деп хабарлайды Sports.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Олардың ішінен әйелдер футбол командалары арасындағы іріктеу матчтарын атап өтуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Кезекті жиында Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді. Бүгінде аталған қалада қауіпті вирустан жүзге жуық адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel