Выйти
RU

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралар жабыла ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов көптеген қазақстандықтарды қызықтыратын сұраққа жауап берді. Ол Қытайдағы коронавирусқа байланысты шекараны жабу ұсынысына пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Біртанов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген "Халықаралық медициналық-санитарлық ережелер" атты құжат бар. Қазақстан бұл құжатты 2005 жылы қабылдаған және сәйкесінше осы қағидалаға сүйенеді. Яғни, жаһандық қауіп-қатер туғанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шекараны жабу туралы ұсыным береді. Біз әзірге жағдайды бақылап отырмыз. ДДСҰ мұндай ұсыным берген жоқ", - деді денсаулық сақтау министрі.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Кезекті жиында Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді. Бүгінде аталған қалада қауіпті вирустан жүзге жуық адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралар жабыла ма