RU

"Маска, дәрі сатып алудың қажеті жоқ": Алматы вируспен күресуге дайын ба

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚХР-дан шыққан коронавирустық инфекцияны қайтару үшін оңтүстік астанадағы медициналық қызметтердің дайындығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Маска мен дәрі сатып алудың қажеті жоқ: Алматылықтарға вирусқа қатысты алаңдамауға кеңес берілді

Көрнекі фото: pixabay.com

Оған Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева және тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Айзат Молдағасимова қатысты.

Баспасөз конференция барысында спикерлер оңтүстік астананың коронавирустың алдын алуға дайындығы туралы айтты.

"Маскалар мен дәрілерді жаппай сатып алудың қажеті жоқ. Олар жетерлік. Дүрлігудің керекгі жоқ. Қазіргі таңда қалада маскалары бар 67 дәріхана компаниясы жұмыс істеуде. Кешегі сан бойынша, масканың бір жарым миллион данасы бар. Фармацевтика саласындағы барлық әріптестерімді маскалардың жетіспеушілігіне байланысты жасанды толқулар туғызбауды сұраймын.
Бұл мәселені табыс көзіне айналдырмаңыздар. Мұндай жағдай менингит кезінде де болған.
Кеше медициналық емес ұйымдар, жауапты емес ұйымдар маскаларды сатып алғаны туралы фактілер анықталды. Не үшін? Кейінірек сату үшін. Сондықтан мен қала тұрғындарын дүрбелеңге бой алдырмауға шақырамын. Алаңдауға негіз жоқ.
Жасанды тапшылықты тудырмас үшін қолға тек 15-20 маскадан беруге кеңес беремін. Вирусқа қарсы препараттар туралы айтатын болсақ, олардың саны жеткілікті. Оларды да сатып алудың қажеті жоқ. Дәрілер қажет болған жағдайда тек рецепт бойынша беріледі", - деді Молдағасимова.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда Қытайдан 17 студент қайтып оралды. Олардың жағдайы қанағаттандырарлық. Олардың ешқайсысында коронавирусқа күдік анықталған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда жоспарланған теннис турнирі Қазақстанда өтетін болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Маска, дәрі сатып алудың қажеті жоқ": Алматы вируспен күресуге дайын ба
Mailfire view pixel