RU

Ер адам туған қызын 14 жыл бойы зорлаған деген күдікке ілінді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астрахань қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын ұзақ жылдар бойы зорлады деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметтері бойынша, ол балаға қатысты 2005 жылдан бері орын алған 130 жыныстық сипаттағы қылмысқа күдікті деп танылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам туған қызын 14 жыл бойы зорлаған деген күдікке ілінді

Көрнекі фото: pixabay.com

"40 жастағы жергілікті тұрғын 2005-2019 жылдар аралығында өзінің 2000 жылы туған қызына зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсетіп келген", - делінген Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің жергілікті үкіметінде.

Тергеу комитеті істің ерекше бақылауға алынғанын хабарлады. Болжамды педофилге қатысты бірден бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, өгей қызын зорлаған ер адамның 15 жылға сотталғаны туралы хабарлаған едік.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық кодекстің 120 бабы 4 бөлігі "Кәмелетке толмаған жеткіншекті зорлау" бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот шешімі бойынша, өгей әке қылмыстық кодекстің 120 бабы 4 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, Санкт-Петербургте қыз зорлады деп айыпталған азаматтың сот залында өз-өзіне қол жұмсағанын жаздық.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ер адам туған қызын 14 жыл бойы зорлаған деген күдікке ілінді
Mailfire view pixel