RU

Қазақстандықтар қандай табысты декларациялауы керек

Telegram logo VKontakte logo

Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов парламент сенатында өткен дөңгелек үстелде еліміздің тұрғындары қандай табысты декларациялау керек екендігін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамада табыс декларациясында көрсетілуі тиіс мәліметтердің нақты өлшемшарттары жоқ.

Осыған сәйкес, министрлік декларациялауға кіретін мүліктің тізімін нақтылауды ұсынуда.

Бірінші, Қазақстаннан тыс жерлердегі меншік құқығындағы мүлік бойынша, жылжымайтын мүлік, әуе және теңіз кемелері, суда жүзу кемелері, көлік құралдары, арнайы техника және тіркемелер, шетелдік банктерде 6,5 мың доллар немесе 2,6 миллион теңгеден асатын ақшаны міндетті декларациялау ұсынылады.

Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық та міндетті декларациялауға жатады.

"Декларацияда көрсетілуі тиіс қолма-қол ақша шегі 5 880 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке (26 510 000 теңге) дейін ұлғайтылды", - деді Қанат Баеділов.

Одан бөлек, декларацияда жиынтық сомасы 5 880 АЕК-тен асатын немесе 15 миллион теңгеден көп соманы нотариалды куәландыра отырып дебиторлық, кредиторлық берешекті көрсету ұсынылады.

2021 жылдан бастап Қазақстан жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшеді.

  • Келесі жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары декларация тапсырады.
  • Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан – мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың жұмыскерлері және олардың жұбайлары.
  • Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
  • Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан қалған санаттағы азаматтар.

Агенттік мәліметінше, декларанттардың жалпы саны шамамен 13 миллион адамды құрайды.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыға бірдей декларациялау мерзімін өзгертетін заңға қол қойған.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстандықтар қандай табысты декларациялауы керек