2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

"Коронавирусты" әдейі жұқтырдым деп елді дүрліктірген тұрғынның басы бәлеге қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бейжің маңындағы Тунчжоу ауданының полициясы әлеуметтік желіде коронавирусты адамдарға қасақана жұқтырғанын жазған ер адамды тұтқындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қытайда "коронавирусты" әдейі жұқтырдым деп елді дүрліктірген тұрғынның басы бәлеге қалды

Фото: Betsy Joles/Getty Images

Тунчжоу полициясы тұрғындардан ғаламтор-қолданушыларының бірі коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаннан кейін адамдар көп жиналатын орындарға барып, оны басқаларға қасақана жұқтыруға тырысқаны туралы хабарлама келіп түскенін айтты.

Бұл туралы ер адамның өзі әлеуметтік желіде жазыпты.

Полиция жазба авторының 22 жастағы жас жігіт екенін анықтаған. Алайда одан коронавирус белгілері анықталмапты.

Жауап беру кезінде ер азамат жай ғана әзілдемекші болғанын, сол үшін жалған ақпарат таратқанын мәлімдеген.

Қазіргі таңда полиция әзілкешті терроризм туралы жалған ақпарат таратуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен қамауға алды, тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бүгінде ҚХР аумағында анықталған коронавирустың жаңа түрінен қаза болғандардың саны жүзге жуық адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, елімізде де қауіпті вирустың таралуына жол бермеу үшін түрлі шаралар қолға алынуда.

Мәселен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдан және шетелден келген барлық азаматтарға үндеу жолдап, оларды дәрігерге көрінуге шақырып, денсаулықтарында қандай бір кінәрәт болса шұғыл түрде хабарлауды айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Коронавирусты" әдейі жұқтырдым деп елді дүрліктірген тұрғынның басы бәлеге қалды