RU
Ақмола облысында түсірілген кадрлар желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)

Ақмола облысында түсірілген кадрлар желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының қар астында қалғанын көрсететін кадрлар желіде тарап кетті. Әсіресе, желідегілер астанаға жақын орналасқан Талапкер ауылында түсірілген суреттерді қызу талқылауда. Бұл өңірде көліктер мен адамдар қар астында қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kokshevideogram

Фото: instagram.com/kokshevideogram

Суреттердің бірінде "Талапкер" деген жазуы бар тақтамен фотоға түскен екі ер адам бейнеленген.

"Сөз жоқ, түгел қар", - деп жазған желідегілер.

Желі қолданушылары бұған қатысты түрлі ой-пікірлерін жазған. Бірі осыншама қар күн жылынған кезде ерісе ауданды су басады деп топшыласа, бірі суреттің шынайы екеніне күмән келтіруде.

Екінші суретте қар астында қалған адамдар мен көліктер бейнеленген. Көлік жүргізушілері темір тұлпарларын қазып алуға тырысуда.

Сондай-ақ Қазнетте ер адамды қарлы үңгірден шығарған сәт бейнеленген кадрлар пайда болды.

"Сұмдық! Бүкіл қар Қазақстанға жауған сияқты", "Адамдар жолда бір-бірлеріңе көмектесіңдер!", "Енді мұның бәрі еріп, су басатын болады", - дейді пікір қалдырушылар.

Жағдайға өңірлік ТЖД пікір білдірді. Департамент жетекшісі Алексей Советовтың сөзінше, қазіргі уақытта құтқарушылар қар құрсауынан жаңа босанған ана мен науқас баланы алып шығу үшін Атбасар ауданына кеткен.

"Күні кеше, боранды күні, жолда, біздің қызметкерлердің көлігінде ресейлік азаматша босанды. Босану сәтті өтті. Біз қазақстандықтарды, сондай-ақ қонаққа, тауарға немесе үйіне облыс аумағы арқылы қайтып бара жатқан Ресей, Украина, Түркия елдерінің тұрғындарын құтқарамыз.
Бүгін таңертеңнен бастап Ақкөл қаласынан біз 177 көлікті елордаға жеткіздік, тағы отыз жүк көлігінің легі бар. Бұрыннан тұрып келе жатқан адамдар 10-12 жылдан бері мұндай қарды көрмеген. Бір апта ішінде 3-4 айлық жауын-шашын жауған. Қарлы төбенің биіктігі 2,5 метрге жетеді", - дейді Советов.

Ақмола облысына екі айлық мөлшердегі жауын-шашын, ал Талапкер ауылы орналасқан Целиноград ауданына үш айлық мөлшердегі жауын-шашын жауған.

Өңірдің бас құтқарушысының сөзінше, қазіргі таңда боранның кесірінен барлық бағыттағы, жылу пункттеріндегі жолдар жабылған. Айта кетсек, аймақта олардың саны 241, онда таңертең 1440 адам болған.

Сонымен қатар құтқарушылар, полицейлер, жол қызметкерлері қардан жүздеген көліктер мен мыңдаған адамдарды құтқарамын деп өз денсаулықтарын қатерге тігуде.

Кеше елордадағы тас жолда жүкті көтере алмаған қар тазалайтын көлік жанып кеткен. Сондай-ақ, жүргізушілердің шыдамсыздығынан сегіз көлік бір мезетте соғысқан.

Алексей Советов жолдағы жағдайды бағалай келе, дабылды ескертуді елемегендерді жауапқа тарту керектігін айтты. Ол бұл мәселе осыдан 5 жыл бұрын көтерілгенін, бірақ ештеңе өзгермегенін хабарлады.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда 27 қаңтардан бастап қар мен боранға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel