RU
Тұрым Алагөзовтың қызы коронавирустың салдарынан жабылған Ухань қаласында қалған

Тұрым Алагөзовтың қызы коронавирустың салдарынан жабылған Ухань қаласында қалған

Рассказать Вконтакте

Танымал отандық композитор Тұрым Алагөзов әлеуметтік желідегі оқырмандарынан жұқпалы ауру тараған Ухань қаласында тұратын қызы үшін дұға етуді сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тұрым Алагөзовтың қызы

Фото: instagram.com/turumalaguzov

Тұрым Алагөзовтың асыранды қызы күйеуімен және екі баласымен бірге жұқпалы ауру тараған Ухань қаласында тұрады екен.

Композитордың сөзінше, олар қажеттінің барлығымен қамданып, бүгінде үйде отырып, санитарлық талаптарды орындауда.

Маэстро Instagram парақшасында қызы Тоняға жазба арнап, олардың отабасы үшін оқырмандарынан дұға етуді сұрады.

"Уханьда менің қызым Тоня күйеуі және балаларымен бірге 12 жылдан бері тұрып, жұмыс істеп келеді. Мен және менің балаларым үнемі олармен байланыстамыз. Үйде отырып, қажеттінің барлығымен қамданып алыпты. Көңілін түсірмей, жаттығу жасап, санитарлық нормалардың барлығын сақтап отыр.
Алла сақтасын сендерді! Бізбен бірге олар үшін дұға етіңіздерші! Сендерді жақсы көремін", - деп жазды Тұрым Алагөзов.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирусты әдейі жұқтырғанын айтып, елді дүрліктірген Бейжің қаласының тұрғыны тұтқындалған еді.

Полиция жазба авторының 22 жастағы жас жігіт екенін анықтаған. Алайда одан коронавирус белгілері анықталмапты.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус тарала бастағаннан кейін Қазақстанда 4,5 мың адамға арналған резервтік ауруханалар құрылғанын жеткізді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel