Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстанда дәрігерлерге ұялы телефон пайдалануға тыйым салынды

Опубликовано:

Ашхабадта басшылықтың талабы бойынша, медицина қызметкерлері телефонды үйге қалдырып кетуге немесе бас дәрігерге өткізуге міндеттелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы centralasia.media сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Денсаулықты қорғау мекемелерінде дәрігерлерге жұмыс уақытында ұялы телефон қолдануға тыйым салынды. Оларға телефондар үйде қалуы керек немесе бас дәрігерге тапсырылуы қажет екені айтылды", - деп хабарлады 27 қаңтарда Азаттық радиосының Ашхабадтағы тілшісі.

Бұған дейін ел билігі білім беру ұйымдарында ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салған.

Түркіменстандағы Азаттық тілшісінің мәліметінше, Ашхабадтағы мектептерде ұялы телефондарды алып келуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.

Сондай-ақ, Балқан, Лебап және Дашогуз уәлаятындағы мектептерде ұялы байланыс құрылғыларына шектеу қойылыпты.

Ұялы телефондарды пайдалану жайлы тыйымдар ата-аналар жиналысында бірнеше рет айтылып, рұқсат бермеудің себебі отбасы тәрбиесіне тигізетін кері әсермен түсіндірілген.

14 қаңтарда Азаттықтың Ашхабадтағы тілшісі Түркіменстанның астанасындағы оқу орындарында ұялы телефондарды пайдалануға салынған тыйым тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де әсер еткенін растады.

Білім беру және медициналық мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін мобильді құрылғыларды қолдануға рұқсат бермеу ел билігінің халықтың интернетке және ақпаратқа қол жеткізуін бақылау мен шектеу жағдайында жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, осыған дейін атыңызға неше телефон нөмірі тіркелгенін қалай білуге болатынын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1838223-trkimenstanda-drigerlerge-aly-telefon-pajdalanuga-tyjym-salyndy/

pixel