RU
Қытайға барған тағы алты қазақстандық ауруханаға жатқызылды

Қытайға барған тағы алты қазақстандық ауруханаға жатқызылды

Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Ақмола облысында Қытайда болып келген отбасының ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Жанұя мүшелерінен ЖРВИ белгілері байқалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бүгін Қытайдан келген төрт адамның ауруханаға жатқызылғаны айтылған еді.

Қазіргі уақытта Ақмола облысында үш баласы бар отбасының ауруханаға жатқызылғаны белгілі болып отыр.

Ата-аналарынан ешнәрсе анықталмаған. Дегенмен балалардың дене қызуы жоғары болған. Сондай-ақ, Алматы қаласының бір тұрғыны да медициналық мекемеге жатқызылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтанда Қытайдан келген төрт адамның ауруханаға жатқызылғаны хабарланған. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов растады.

"Бүгінде дене қызуы көтерілген 23 адам анықталды. Барлығын бақылауға алдық. Төрт адам "сан алуан инфекциясы бар" деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Енді, вирустық инфекциялардың нақты айырмашылығы болмағаннан кейін біз оларды өткір респираторлық вирустық инфекция жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқыздық. Қан сынамасы алынды. Үш тәуліктің ішінде жан-жақты диагностика жасалады", - деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel