RU

Президенттік жастар кадр резервінің жеңімпазы Жамбыл облысында басшылық қызметке тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Президенттік жастар кадр резерві қатарына алынған маман жаңа қызметке тағайындалды. Енді Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы облыс әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспектор қызметін атқарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әбілхайыр Тамабек. Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әбілхайыр Тамабек. Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: Depositphotos

Ұжымға жаңа басшыны облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев арнайы барып таныстырып, жұмысына сәттілік тілеген.

Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы 1994 жылы дүниеге келген, білімі жоғары.

2015 жылы Жоғары Бизнес мектебін – Ұлттық Луис университетін (WSB-NLU, Польша) "менеджмент", 2019 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласындағы "Даке барлау" ЖШС-нің кадр бөлімшесінің инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің сарапшысы, басшысы, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы, Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы қызметтерін атқарған.

Өзге де түрлі қызметтерде еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған.

Жаңа қызметіне дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр жұмыстары басқармасының бас сарапшысы болған.

Еске сала кетейік, таяуда мемлекет басшысы Қасы-Жомарт Тоқаев Ақордада президенттік кадр резервіне алынған 300 жаспен кездескен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1838252-prezidenttik-zastar-kadr-rezervini-zeimpazy-zambyl-oblysynda-bassylyk-kyzmetke-tagajyndaldy.html