RU

Ауыздан шығатын жағымсыз иіс неден пайда болады

Ауыздан шығатын жағымсыз иіс кім-кімге болсын ыңғайсыз. Кейде адам өзі де сезбеуі мүмкін. Сондықтан ол иіс неден пайда болатынын біліп алған жөн. Осы орайда KAZ.NUR.KZ massaget.kz-ке сілтеме жасап жағымсыз иістің пайда болуына әсер ететін бірнеше факторларды назарыңызға ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Ауыз қуысындағы жағымсыз иіс – ауыздағы, қызыл иек, тіс пен тілдегі бактериялардың шығаратын газы.

Одан арылудың қарапайым жолы – тісті уақытылы жуу. Кейде мұның өзі көмектеспеуі мүмкін.

Десе де, ауызыңыздан жағымсыз иістің шығуына әсер ететін кей факторларды атап өтсек:

  • Жағымсыз иіс көбіне қызыл иек пен тіс тазалығын толық сақтамағаннан пайда болады. Ол үшін тісті күніне екі рет жуып тұру керек.
  • Сондай-ақ, тісті басатын қара дақтарға да мән беріңіз. Кейде диабет, бүйрек пен асқазан ауырғанда да ауыздан жағымсыз иіс шығады.
  • Сонымен қатар ауыздағы жағымсыз иіс тыныс алу жолдары инфекциясынан да пайда болуы мүмкін.
  • Ауыз қуысының жағымсыз иісіне көбіне темекі шегу, ішімдік ішу және басқа да өнімдерді жиі тұтыну себеп болып жатады.
  • Жағымсыз иіс бәріне мәлім пияз, сарымсақтан ғана емес, сүт, ірімшік, еттен де болып тұрады.
  •  Ауыз қуысында қалған тағам қалдықтарының құрамындағы ақуыз бактериялардың әсерінен өзгерістерге ұшырап, жағымсыз иіске себеп болады. Ауыз қуысын дұрыс немесе толыққанды тазаламау мәселені одан сайын өршітеді.
  • Кейде жағымсыз иіс кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдаудың нәтижесінде пайда болады. Әйелдер етеккір алдында жағымсыз иістің пайда болатынын байқауы мүмкін. Бұл гормондар деңгейінің құбылмалы болуына байланысты.
  • Адамдар көбіне тісін жуып, тілін тазалауды ұмытып кетеді. Ал тіл бүртіктерінде бактерия, өлі жасушалар мен тамақ қалдықтары қалып қояды. Мұны тазаламай ауыздағы жағымсыз иістен құтылу екіталай.

Сондықтан әр тамақ ішкен сайын ауызды шайып жүруді әдетке айналдырыңыз. Бұл тіс арасы мен тілде тағам қалдықтарының қалып кетпеуіне көмектеседі.

Сөз соңында айтармыз егер ауызыңыздан шығатын жағымсыз иістен арылғыңыз келсе, ең бірінші оның неден пайда болғанын анықтап алу маңызды.

Ол үшін тіс дәрігеріне көрініңіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін өзге адамдарға мүлдем беруге болмайтын жеке заттар туралы жазған болатынбыз. Олардың арасында тіс пастасы да бар.

Мәселен пастаны тіс щеткаңызға жаққан сәтте сықпаның аузына тіс тазалағышыңыз тиіп кетуі мүмкін. Осының арқасында сіздегі бактериялар екінші бір адамға ауысады екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1838271-auyzdan-sygatyn-zagymsyz-iis-neden-pajda-bolady.html