RU

Украиналық Рапунцель шашының ұзындығымен көпті таңғалдырып жүр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шашын бес жасынан бастап өсірген украиналық ару әлем назарын өзіне аударуда. Оның бұрымының ұзындығы екі метрге жуық деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ sm-news.ru-ға сілтеме жасап.

Алена Кравченко. Фото: instagram.com/alenuwka_longhair

Алена Кравченко. Фото: instagram.com/alenuwka_longhair

Алена Кравченко шашын бес жасынан бастап, 29 жыл бойы өсіріп келеді. Украиналық Рапунцель бұрымының ұштарын жыл сайын қиып отырады.

Мәселен өткен жылы жазда ол 15 сантиметр шашын қиған. Қазір бұрымының ұзындығы 1,8 метрді құрайды.

Алена шашын аптасына бір рет жуады. Айтуынша, бұл процеске бір сағат уақыт кетеді екен. Сондай-ақ Кравченко бұрымын күніне екі рет тарап, буып қояды немесе өреді.

Бүгінде 34 жасқа келген Аленаға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасайтындар көп. Тіпті, кейбірі өз елдеріне шақырып, оның бұрымын өз көздерімен көріп, қолымен ұстағысы келеді екен.

Украиналық Рапунцельдің сөзінше, оның ұзын шашқа деген махаббатын анасы оятқан.

Айта кетсек, бүгінде Аленаның Instagram желісіндегі парақшасына 26 мыңнан астам адам тіркелген. Аленаның оқырмандары оған тек жылы сөздер жазып, махаббаттарын жиі білдіріп отырады.

Еске сала кетсек, осыған дейін еліміздегі ең ұзын шаштың иесі, жаңаөзендік жас келіншек туралы жазған едік.

Ақмоншақ Исабергенованың шашының ұзындығы - 1 метр 58 сантиметр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Украиналық Рапунцель шашының ұзындығымен көпті таңғалдырып жүр
Mailfire view pixel