Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Дубайдағы EXPO-да салынатын Қазақстан павильонын көрді

Опубликовано:

Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дубайдағы «EXPO-2020» халықаралық көрмесінде салынатын Қазақстан павильоны таныстырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

рррррр
Фото: Ақорда: Twitter

Жаһандық іс-шара 2020 жылдың 20 қазаны мен 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында «Ақыл-ойды ұштастыру – болашақты қалыптастыру» деген тақырыппен өтеді.

«EXPO-2020» көрмесін дамыту жөніндегі басқарушы директор Ахмед әл-Хатибтің айтуынша, көрмеге 20 миллионнан астам адам келеді деп жоспарлануда.  

Тоқаев Дубайдағы EXPO-да салынатын Қазақстан павильонын көрді
Фото: Ақорда: Twitter

Қазақстан павильоны Біріккен Араб Әмірліктерінің негізгі павильонына жақын жердегі «Мүмкіндіктер» деп аталатын кластерде орналасады. Ұлттық экспозиция бірнеше бөліктерге бөлінген.

Онда өңіріміздің әлемде алатын орны, еліміздің туристік әлеуеті, тарихы, мәдениеті және астанасы туралы ақпарат беріледі.
Тоқаев Дубайдағы EXPO-да салынатын Қазақстан павильонын көрді
Фото: Ақорда: Twitter

Сонымен қатар көрмеге келушілер Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде мәлімет ала алады. Интерактивті шоудың соңында павильон қонақтарына жасанды интеллектінің адамзат болашағына әсері туралы айтылады.

Тоқаев Дубайдағы EXPO-да салынатын Қазақстан павильонын көрді
Фото: Ақорда: Twitter

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абу Даби қаласының ең көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітіне барып, Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы және алғашқы президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның рухына тағзым еткені туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1838283-tokaev-dubajdagy-expo-da-salynatyn-kazakstan-pavilonyn-krdi/

pixel