Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

Опубликовано:

2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы маңында болған ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін жарақат алған екінші ұшқыштың да көз жұмғаны туралы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды
Фото: NUR.KZ: Original

Бұл ақпаратты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, амбулаториялық емделуге жағдайы тұрақты күйде болған пилот 21 қаңтар күні №4 қалалық клиникалық ауруханадан үйіне шығарылған.

«Емханада кардиолог, хирург, терапевт, психологтардың қарауында болған. Бүгін сағат 18.00-да Жедел жәрдем қызметіне оның жағдайы кенет нашарлап кеткені жөнінде шақырту түскен.
Жедел жәрдем дер кезінде келді, жүрек қызметін қалпына келтіру жөніндегі барлық реанимациялық іс-шаралар жасалды, алайда оның барлығы нәтижесіз болды», - деп мәлімдеді басқарма өкілі.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза болып, 49 адам ауруханаға жеткізілді.

Тергеу жұмыстарының барысы жайлы мәлімдеген еліміздің бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов бүгінде 300 адамнан жауап алынғаны туралы айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838287-almatyda-apatka-syragan-bek-air-sagyny-ekinsi-skysy-kajtys-boldy/

pixel