RU
Түркістан облысында лаңкестікке ашық үндеген азамат ұсталды

Түркістан облысында лаңкестікке ашық үндеген азамат ұсталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері ашық түрде лаңкестікке үндеген Келес ауданының тұрғынын ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан кадрлар/ КТК

Фото: Видеодан кадрлар/ КТК

56 жастағы Нұриддин Ахраров көшеде кетіп бара жатқан жерінде ұсталған. Салафизмді ашық үгіттеп жүрген азамат тыйым салынған "Өзбекстанның ислам қозғалысы" идеясын қолдап, тіпті мешіттерде имамдармен салғыласып жүрген көрінеді.

Оның үйін тінту кезінде радикалдық өзбек уағызшысы Абдуали қоридің 8 кітабы табылған.

Өзі де жиһадқа дайындалып жүрген азамат лаңкестікті насихаттағаны үшін 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында Түркістан қаласында "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына мүше болуға ашық шақырып жүрген тұрғын тұтқындалды. Арнайы жасақ 39 жастағы жиһадшыны көшеде велосипедпен кетіп бара жатқан жерінен ұстаған болатын.

Темір Стамбеков Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына жазда іліккен. Мешітке барған ол имамдарға ілімдерінің "жаңсақ" екенін айтып салғыласып, жамағат арасында бірнеше мәрте бүлік салыпты.

Өзі әйелімен кәмелетке толмаған төрт баласын ұрып-соғып, "салафизмді" үйретіпті. Үйін сатуға қойып, Сирияға жиһадқа аттанбақ болып жүр екен.

Дереккөз КТК арнасы

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel