RU

Белгілі модель кірпігін жасанды жолмен өсіремін деп көзінен айырылып қала жаздады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Колумбиялық модель Лаура Гонсалез кірпігін жасанды жолмен өсіремін деп көзінен айырылып қала жаздаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ sm-news.ru-ға сілтеме жасап.

Лаура Гонсалез. Фото: instagram.com/laugonzalezdiaz

Лаура Гонсалез. Фото: instagram.com/laugonzalezdiaz

24 жастағы Колумбия аруы Лаура Гонсалез кірпігін өсіруге арналған құралды бір көзіне қолданған. Кірпігіне жаққан соң бірден оның көзі ауырсына бастапты. Ал ертесі күні таңертең Лаураның жанары қатты ауырған.

Бойжеткен бірден окулистің көмегіне жүгінген. Науқасты тексерген соң дәрігер оған көзіне түскен зат көздің мүйізгек қабығына зиянын тигізгенін хабарлаған. Маман оған бір көзінің сол күйі көрмей қалуы да мүмкін екенін айтыпты.

Модель содан бері бір көзін сақтау үшін оны бір ай бойы байлап жүрген.

Лаура Гонсалездің айтуынша, ол кірпік өсіретін құралды қарапайым дүкеннен сатып алған. Сондай-ақ, әлеуметтік желі арқылы оқырмандарына оқиғасын баяндап, өзінің әрекетін қайталамауды сұраған.

Еске сала кетсек, бұған дейін жасанды кірпік жапсырмақ болған 19 жастағы британиялық арудың көз жанарынан айырылып қала жаздағанын жазған едік.

Белгілі болғандай желім көздің шырышты қабыққа тиіп кетіп, бойжеткенге дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Белгілі модель кірпігін жасанды жолмен өсіремін деп көзінен айырылып қала жаздады
Mailfire view pixel