Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уханьда қауіпті вирустарды зерттейтін биозертхананың жұмыс істейтіні белгілі болды

Опубликовано:

Қазір коронавирус тарауына байланысты карантинге жабылған Ухань қаласында екі жылдан бері қауіпті вирустарды зерттейтін биологиялық зертхана жұмыс істейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Известия" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Global Look Press/Yin Gang/ZUMAPRESS
Фото: Global Look Press/Yin Gang/ZUMAPRESS: Facebook

Басылым мәліметінше, Уханьда 2017 жылдан бастап Қытайдағы жалғыз ұлттық биоқауіпсіздік зертханасы іске кіріскен. Бүгінде ол биологиялық қауіпсіздіктің төртінші, ең жоғары деңгейіне ие. Зертхана ашылмас бұрын мамандар мұнда зерттелетін вирустың сыртқа таралып кетуі мүмкін екенін ескерткен.

Уханьдағы мамандар Эболаны, SARS коронавирусынан туындаған атипикалық пневмонияны (ауыр жіті респираторлық синдром) сараптаған еді. Кейбір мәліметке сәйкес, атипикалық пневмония 2004 жылы Бейжіңдегі басқа зертханадан тараған.

Атап айтарлығы, уханьдық зертхана теңіз өнімдерін сататын базардан 32 шақырым жерде орналасқан. Бұл жаңа коронавирустың дәл осы қалада пайда болуы сәйкестік емес пе деген күдік туындатады. Себебі, биоқауіпсіздік зертханасы жануарларға тәжірибе жүргізу үшін жабдықталған.

Бұл тұжырымға әлі ешқандай дәлел жоқ. Қазіргі уақытта коронавирус Ухань қаласындағы базарда сатылған жылан етінен тарауы мүмкін деген болжам көп айтылуда.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда коронавирустың жаңа түрінен туындайтын пневмонияға шалдыққандар саны 5974-ке жетті. Оның ішінде 132 адам қайтыс болған.

Ал Гонконг ғалымдары коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцина дайындап шығарғандары белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838322-uhanda-kauipti-virustardy-zerttejtin-biozerthanany-zmys-istejtini-belgili-boldy/

pixel