Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайына Хайнаньнан келген қазақстандықтар мінген бірінші рейс қонды (фото)

Опубликовано:

Қытайдың Хайнань аралына кеткен қазақстандық туристер мінген ұшақ Алматы әуежайына қонды. Бортта тек Қазақстан ғана емес, Ресей мен Қырғызстан азаматтары да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Depositphotos

Бүгін, 29 қаңтарда, қазақстандық туристер мінген SCAT әуе компаниясының ұшағы Хайкоу қаласынан оңтүстік астанаға ұшып келді.

Келгендердің бәрі медициналық бетперде киген. Туристердің айтуынша, коронавирус курорттағыларға қарағанда біздің елдегілерді қатты алаңдатқан. Келген туристерді Sputnik Қазақстан тілшілері қарсы алған.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Depositphotos

Әуежай маңында жедел жәрдем көліктері тізіліп тұрған. Демалып келгендердің сөзіне сенсек, ұшақта ауру жұқтырғандар болмаған. Оның үстіне бәріне арнайы құралдың көмегімен тексерістен өткен.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Depositphotos

Бір жолаушы ер адам аралдың өзінен видео көрсеткен. Көшелерде тірі жан жоқ. Қазақстандық келген Хайкоу қаласында тіршілік иесі қалмаған сияқты көрінеді.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Facebook

Отанына оралған тағы бір қазақстандықтың айтуынша, енгізілген карантиннің салдарынан барлық адамдар үйлерінде отыр. Ер адамның сөзінше, ол жақсы демалып, уақытынан ертерек қайтуды ойламаған. Аталмыш рейстің көптеген жолаушылары да осындай пікірде.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Depositphotos

Тағы бір турист әйел Қытай аралында балаларымен демалғанын айтқан. Келіншектің сөзінше, ол коронавирус туралы ақпарат шықпай тұрып билет сатып алған. Дегенмен ол көрші елде не болып жатқанын біле тұра Қытайға барған.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Facebook

Айтуынша, әйелде ешқандай қорқыныш сезімі болмаған, тек жақсы әсерде қайтқан. Десе де, соңғы екі күнде барлық экскурсиялар өтпей қалыпты.

Агенттіктің жазуынша, рейс 12 сағатқа кешіккен. Жолаушылардың айтуынша, туристерді ұзақ уақыт жинаған. Олардың сөзіне сенсек, аралдағы жағдай тұрақты.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Depositphotos

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 132 адамға жеткені хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838332-almaty-uezajyna-hajnannan-kelgen-kazakstandyktar-mingen-birinsi-rejs-kondy-foto/

pixel