Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та ер адам 10 жыл бойы миындағы құртпен өмір сүрген

Опубликовано:

АҚШ-та ер адам 10 жыл бойы бас миындағы таспалы құртпен өмір сүрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: PxHere
Көрнекі фото: PxHere: Depositphotos

Техас штатының тұрғыны бір жыл бұрын футбол матчы кезінде есінен танып қалған. Осыдан кейін ол ауруханаға жүгініп, бірнеше айдан бері басының қатты ауыратынын, жүрегі айнып, жиі есінен танып қалатынын айтқан.

Зерттеу нәтижесінде оның миында ұзындығы төрт сантиметрдей белгісіз нәрсенің бары анықталған. Дегенмен тест жасалған соң оның ісік емес екені белгілі болыпты. Кейінірек қайта зерттеу жүргізгенде ер адамның миында шошқа таспа құрты бар екені анықталған.

Науқастың айтуынша, ол он жыл бұрын Мексикада шошқа етінен жасалған дұрыс пісірілмеген стейк жеген. Паразит дәл сол кезде адам организміне түсуі мүмкін.

Дәрігерлер ота жасау барысында ер адамның миынан таспалы құртты алып тастаған. Науқас толығымен дерлік айыққан.

Айта кетсек, шошқа таспа құрты алдымен ішекке түсіп, миға дейін жетуі мүмкін.

Еске сала кетсек, Қытайдың Гуанчжоу қаласында дәрігерлер науқастың миынан 12 сантиметрлік таспақұртты алып шыққан еді.

Дәрігерлер 2007 жылы ауырып бастаған ер адамның миында таспақұрт барын анықтаған. Бұндай паразиттер әдетте мысықтар мен иттердің асқазанында пайда болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1838344-aks-ta-er-adam-10-zyl-bojy-miyndagy-krtpen-mir-srgen/

pixel