RU
Австралияда бисквит жеуден жарысқа қатысқан әйел көз жұмды

Австралияда бисквит жеуден жарысқа қатысқан әйел көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Австралия тұрғыны бисквит жеу бойынша өткен байқауда қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Оқиға Херви-Бей қаласында Австралия күнін тойлаған уақытта болған. Мұндай мерекелерде тамақ жеу бойынша жарыстар өткізу ойын-сауықтың танымал түрі болып табылады.

Хабарланғандай, кезекті бисквитті жеп жатқан 60 жастағы келіншектің эпилептикалық талмасы ұстаған. Оған тез арада алғашқы көмек көрсетілген. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оны дер кезінде ауруханаға жеткізгенімен, ақ халаттылар өлімнен арашалап қала алмады.

Жергілікті полиция оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық нашарлағанда хабар беретін белгілер туралы жазған едік.

Оған көз астының қараюы, саусақ түсінің өзгеруі, заттың көзге бұлдырап көрінуі, іштің құрылдауы, құлақ шыңылдауы, ара-тұра иіс сезу қабілетінің жоғалуы және тағы да басқалар жатады.

Адам тәні - ішкі ағзаларымыздың қызметіндегі өзгерістер мен ақаулар жайлы әрдайым ақпарат беріп тұратын күрделі механизм. Алайда көптеген жанның ағза дабылына назар аудара бермейді екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel