RU
Қызыл түсті костюм киген Димаш қыздарды естен тандырды (фото)

Қызыл түсті костюм киген Димаш қыздарды естен тандырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Күллі әлемді ғажайып даусымен таңғалдырып жүрген Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы да қуантты. Өнер иесі жаңа суреттерімен бөлісіп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Димаш Құдайбергеннің кезекті суреті Instagram желісінде қызу талқыға түсті.

Қыздар қауымы сүйікті әншісінің образына тәнті болып, өз әсерлерін жасыра алмаған. Арулар Димашқа қызыл түс өңін ерекше ашатынын жазған.

"Сымбаттысың, саған бәрі жарасады" , "Жігіттердің осындай сымбатты болуы заңды ма өзі?" , "Қызыл күнсің" , "Жарқырап жүре бер" , "Қызыл түс жарасып-ақ кетті" , "Мына образ сенің сымбаттылығыңды артырып жібергендей" , "Ханзадам, сізге қызыл түс өте жарасады екен" , "Қызыл түс дәл сенің түсің екен жаным" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Димаштың жаңа жыл кешіндегі образы да көпшіліктің көңілінен шыққан болатын.

Ол кезде әнші ресейлік НТВ телеарнасының "1001 ночь или Территория любви" мюзиклінде ханзада образын сомадаған еді.

Желі қолданушылары өнер иесіне "ханзада" болған жарасатындығын жазып, түрлі пікірлерін жаударған.

Сондай-ақ, жақында елордада өткен арнайы аукционда тележүргізуші Динара Сәтжанның Димаштың портретін сатып алғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel