Выйти
RU

Тасмағамбетовтің орнына Қазақстанның Ресейдегі елшісі тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ермек Көшербаев Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: ОКҚ

Фото: ОКҚ

Ермек Көшербаев бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары болған. Мемлекет басшысының жарлығымен ол вице-министр қызметінен босатылып, Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген жарлықта.

Жаңа елші 54 жаста. Бірінші сыныпты дипломатиялық дәрежесі бар. Осы уақытқа дейін ол Сыртқы істер министрінің орынбасары болған.

Көшербаев С.Киров атындағы ҚазМУ-де шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша білім алған.

1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

Мансабын оңтүстік астанада мұғалім болып бастаған.

Сондай-ақ Көшербаев Қазақ ССР СІМ-де, Қазақстанның СІМ-де, Президент аппаратында еңбек еткен. Екі жыл бойы премьер-министрдің орынбасары болған.

Әр жылдары "ҚазТрансОйл ҰК" жетекшісі, "ҚазМұнайГаз ҰК" президентінің аппарат басшысы, сонымен бірге "Рауан Медиа Групп" АҚ бас директоры болды.

Төрт жыл бойы ШҚО әкімінің орынбасар, тағы екі жыл Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып қызмет етті.

2019 жылдан бастап СІМ басшысының орынбасары болған.

Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталмыш қызметті Иманғали Тасмағамбетов атқарған. Ол зейнет жасына толуына байланысты орнынан босатылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тасмағамбетовтің орнына Қазақстанның Ресейдегі елшісі тағайындалды