RU
Уханьда ауру жұқтырғандарға арналған аурухана қалай салынып жатыр

Уханьда ауру жұқтырғандарға арналған аурухана қалай салынып жатыр

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Ухань қаласында коронавирус ауруын жұқтырған науқастарға арналған аурухана жедел түрде салынуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қытайлық Уханьда ауру жұқтырғандарға арналған аурухана қалай салынып жатыр

Фото: globaltimes.cn

Госпиталь 3 ақпанға дейін салынып бітуі керек деп жазады "Известия". Аурухананы тұрғызуға құрылысшыларға 6 күн уақыт берілді.

Хабарланғандай, ол 1000 койкаға дейін есептелген. Рекордты мерзімде салынып жатқан медициналық мекеменің аумағы 25 мың шаршы метрді құрайды.

Госпитальды салуға құрылыс техникасының жүздеген бірлігі мен мыңдаған жұмысшы жұмылдырылды.

Басылымың жазуынша, қытайлық құрылысшылар аталған жұмыста тәжірибелері екені анықталған. Олар 17 жыл бұрын Бейжің мағында небәрі бір аптада аурухана салған екен. Ол жылдары атиптік пневмонияның салдарынан жұмысшыларға осыншалық қысқа мерзім берілген еді.

Сондай-ақ, жұқпалы ауруды жұқтырғн адамдардың саны саған санап өсуде.

Болжам бойынша, ауру ақпан айының басында өршиді.

Мекеме құрылыс аяқтала сала жұмысын бастайды деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, таңертең Қытай билігі бүкіл мемлекет аумағында ауруды 6 мыңға жуық адамның жұқтырғанын хабарлады. 130-дан астам адам қаза тапты. Сондай-ақ, ауруханадан емделіп шыққандар да бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 132 адамға жеткені хабарланды.

Ал Гонконг ғалымдары коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцина дайындап шығарғандары белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel