Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі үкіметтен штат санын көбейтуді сұрады

Опубликовано:

Министрлер кабинеті қаулысының жобасына сәйкес, ІІМ-нің штаттық саны оның аумақтық органдары мен оған бағынышты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып 148 480 бірліктен 149 380 бірлікке дейін ұлғаяды. Атап айтқанда, қатардағы әскери қызметшілер санының лимиті 13 348 бірліктен 14 248 бірлікке, яғни 900 адамға көбейтіледі.

ІІМ үкіметтен штат санын көбейтуді сұрап отыр
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Еліміздің бас полицейі Ерлан Тұрғымбаевтың премьер-министрі Асқар Маминнің атына берген түсініктемесінде министрлер кабинетінің қаулы жобасын ІІМ-нің 2019 жылғы 26 маусымдағы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерзімді әскери қызметке шақырылатындардың санын арттыру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірлегені айтылған.

Жобаны іске асыру үшін 076 "Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы, "Ұлттық ұланның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін қамтамасыз ету" 114 қосымша бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 3,626 млрд. теңге қосымша қаражат бөлу қажет, оның ішінде:

2020 жыл бойынша – 1,243 млрд теңге (900 бірлікке);

2021 жыл бойынша – 1,116 млрд теңге;

2022 жыл бойынша – 1,267 млрд теңге.

2020 жылы материалдық-техникалық жабдықтауға 2,617 млрд. теңге қажет.

"Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді, олардың жоғары моральдық қалыптасуын және елдің әскери дайындалған резервтік қорын жинақтауды қамтамасыз етеді", - делінген түсіндірме жазбада.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы басталған ішкі істер органдарын кең ауқымды реформалау аясында ІІМ-нің кадрлық құрамы оңтайландырылды. Нәтижесінде қызметкерлер саны 11 пайызға қысқарды, ал қалған полиция қызметкерлері жалақыларын 20%-дан 65%-ға дейін көтерді.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ Bek Air-дің екінші ұшқышы неден көз жұмғанының алдын ала себебін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838411-iski-ister-ministrligi-kimetten-stat-sanyn-kbejtudi-srady/

pixel