RU

Ұялшақ жезөкшелер (фото)

Жезөкшелік – Тайваньда үйреншікті құбылыс болып табылады. Онымен, тек биліктен лицензия алған қыздар ғана айналыса алады. Бірақ, бұл аралда 80-мыңға жуық қыздар жол бойындағы жаңғақ сатушылар кейіпіне еніп, "ұялшақ жезөкшелікпен" заңсыз айналысып жүр.

Жезөкшелердің қызметін пайдаланатын "клиенттер" оған көрсеткен қызметі үшін көп мөлшерде жаңғақ сатып алумен ғана шектелетін көрінеді. Мұндай дүңгіршектердің саны 2 мыңға жетіп жығылады.

Сондай – ақ, Тайваньдағы "ұялшақ жезөкшеліктің" дамуына сол елде орын алған протестанттық әдептің де кесірі тисе керек. Себебі, нашақорлық, өзіне қол жұмсау, бір жынысты адамдардың некелесуіне рұқсат ететін бұл ағым – жезөкшеліктің де дамуына ықпал етті.

Жезөкшелік бұл елде 1950-жылдары, американдық әскерлер енгізілген кезде басталған. Бұл  "әдепсіз индустрия" - 80 мың жезөкшелерден жылына 2 млрд. доллар табыс әкеледі екен. 1945-жылдан бастап тамырын тереңге жайған протестанттық ағым тайваньдықтарды жолдан тайдырып, өмірлеріне балта шауып жүр.

Ал, "ұялшақ жезөкшелік" - олардың түсінігі бойынша протестанттық діннің "кәсіби даму шыңы" болса керек.  

Қазіргі таңда, Тайваньда жезөкшелікпен айналысқандарға айыппұл салынады немесе үш күнге қамауға алынады. Бірақ, бұл шаралар да  қоғамның "моральдық келбетін" түзету үшін әлсіз болып тұр. Себебі, протестанттық  ағымның күші басымдылық танытып отырған сыңайлы. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/183844-yyalshak-zhezoksheler-foto.html