RU

Бекшин отандық кәсіпкерлерді белсенді түрде маскалар өндіруге шақырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекеттің бас санитар дәрігері медициналық маскаларды өндіруші қазақстандық кәсіпкерлерге үндеу жолдады. Ол ел азаматтарының қажеттілігін қанағаттандыру үшін қорғаныс құралдарын белсенді түрде шығаруға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бекшин кәсіпкерлерге Қазақстанда маскаларды белсенді өндіруді сұрады

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов

Жандарбек Бекшин кәсіпкерлерге ешкімнің ықпал ете алмайтынын, сол себепті олардан Қазақстандағы медициналық маскаларға сұранысты бақылауды және адамдардың қажеттіліктері үшін өндірісті немесе басқа елдерден әкелуді жеделдетуді сұрайтынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше сандәрігер Қазақстандағы маскалар жөнінде айтып өткен еді. Ол Қазақстанда тапшылық жоқ екенін, ал маскалардың медициналық ұйымдар үшін миллиондаған мөлшерде сатып алынып жатқанын хабарлаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдағы коронавирустың қазіргі жағдайына байланысты Бекшин күн сайын баспасөз өкілдерімен кездесіп, соңғы мәліметтер туралы хабарландырып отыруға шешім қабылдады.

Бүгін ол Қызылордадағы, сондай-ақ, Жамбыл мен Алматы облысында коронавирустың пайда болғаны туралы ақпаратты да жоққа шығарды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бекшин отандық кәсіпкерлерді белсенді түрде маскалар өндіруге шақырды
Mailfire view pixel