Выйти
RU

Еліміздің бас санитары: Қытайдан келген 35 адам бақылауға алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қытайдан келген 35 қазақстандықтың бақылауға алынғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 35 адам бөлек боксқа жатқызылған.

Олардың ішінде 22 адамда өткір респираторлық вирусты инфекция анықталса, төртеуінде - тұмау, біреуінде тұмау мен паратұмау, яғни аралас инфекция бар болып шықты. 27 науқаста маусымдық инфекциялар анықталуда.

Бекшин қалған 8 адам және ауруханаға жатқызылған басқа да азаматтардан сынама алынып, Алматыдағы Әйтімбаев атындағы ерекше қаупі бар инфекциялар ұлттық ғылыми-зерттеу орталығында қосымша тест бақылауға жіберілгенін жеткізді.

Ол орталықта жаңа коронавирусты анықтау диагностикасы бар екенін де айтты.

Бас санитар дәрігердің дерегінше, 6 қаңтардан бері Қытай шекарасы арқылы Қазақстанға 12 610 адам келді. Олардың ішінде 12 365 адам - Қазақстан азаматы, қалған 245-і - шетел азаматтары.

Осы уақытқа дейін медициналық мекемелердің Қытайдан келген қазақстандықтардың 50 пайызымен, яғни 6 449 адаммен байланыс орнатып, хал-жағдайын сұрағаны белгілі болды.

Бекшин қалған азаматтармен хабарласып жатқанын, негізгі мақсат - бәрін тіркеуге алу екенін растады.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Кезекті жиында Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді. Бүгінде аталған қалада қауіпті вирустан жүзге жуық адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің бас санитары: Қытайдан келген 35 адам бақылауға алынды