Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сезімің суығанша күтемін деді": Жауапсыз махаббаттан шаршаған ару көпшіліктен кеңес сұрады

Опубликовано:

Үш жыл жүрген сүйіктісінің сезімі суығанын біліп қойған ару шарасыз күйге түскенін сөз етті. Айтуынша, жігіті оның сезімі суып кетпегенше жанында болуға уәде беріпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сезімің суығанша күтемін деді": Жауапсыз махаббаттан шаршаған ару көпшіліктен кеңес сұрады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бойжеткен бұл туралы Instagram-дағы astana__forum парақшасында жазды.

Ару сүйіктісінің оған деген сезімі қалмағанын білгенде күйзеліске түскенін сөз етті. Ол көпшіліктен тығырықтан шығудың жолын сұрады. Ару жігітін еркіндікке қалай жіберерін білмей дал болып отыр.

"Жігітіммен кездесіп жүргенімізге үш жылдың жүзі болды. Енді қазір сүйіктім маған деген сезімінің суығанан, мені сүймей қалғанын айтып жүр. Әрине, мен бұл хабарды қуана қабылдаған жоқпын. Ол менің жанымды жаралағысы келмейтінін, оған деген сезімім суымағанша жанымда болатынын айтты. Мен сүйіктімді ұстап қалуға тырыспаймын. Тек осы күйзелісте оны қалай жіберемін деп бас қатырып жүрмін.
Өте әлсіз адаммын. Махаббат тақырыбына келгенде жылдар бойы жүрегім жараланып жүре аламын. Оны күн сайын еске алып отыруым мүмкін. Өмірімдегі алғашқы жігітіммен бір жыл жүріп, айырылысып кеткенде де оны ұмыта алмай, қиналдым. Ал үш жыл кездескен сүйіктіме тіпті, бауыр басып қалдым", - деп ағынан жарылды ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бұрынғы жігітімен күйеуінің көзіне шөп салып жүрген әйел адам туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838464-sezimi-suygansa-ktemin-dedi-zauapsyz-mahabbattan-sarsagan-aru-kpsilikten-kees-srady/

pixel