Выйти
RU

Нұрсұлтан Назарбаев: Судьялар білімді, адал болуы қажет

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Тұңғыш президенті Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің сот жүйесін реформалау және Ұлт жоспарындағы сот кадрларын іріктеу және дайындау бойынша шараларды жүзеге асыру жөнінде ақпарат берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Елбасы

Фото: elbasy.kz

"Жоғары сот кеңесі сот мамандарын іріктеуді іске асырады. Бұл жұмыс объективті болуы керек. Судьялар нақты конкурсқа сәйкес іріктеуден өтуге тиіс. Олар білімді, адал болуы, адамдармен жұмыс істей білуі қажет", - деді Елбасы.

Өз кезегінде Талғат Донақов судьяларды іріктеуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді.

"Жағдай өзгеріп жатыр. Судьяларға деген сенім артып келеді. Жұмыс барынша объективті және ашық жүргізілуде. Арнайы конкурстық комиссия құрылды.
Оған судьялармен бірге, заң қауымдастығы өкілдері, HR-мамандары, тәуелсіз сарапшылар кірді. Қазіргі таңда соттарға баратын кадрлардың дайындығы жоғары, жауапкершілі мол", - деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдағаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұрсұлтан Назарбаев: Судьялар білімді, адал болуы қажет