Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан қаза тапқандардың саны 170 адамға жетті

Опубликовано:

Қытайда "өлім вирусы" болып саналатын коронавирус жергілікті тұрғындардың өмірін қиюды жалғастыруда. Соңғы мәліметтер бойынша, аталған дерттен қайтыс болғандардың саны 170 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, қаза тапқандардың барлығы Хубей провинциясының тұрғындары болып шыққан. Бұл туралы РИА Новости басылымы жазды.

Сондай-ақ, хабарламада cоңғы тәулікте аталған вирустан 37 адамның көз жұмғаны, 1032 науқаста коронавирустық инфекция расталғаны айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Кезекті жиында Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838514-koronavirustan-kaza-tapkandardy-sany-162-adamga-zetti/

pixel