Выйти
RU

Қытайлық ғалымдар коронавирустың алдын алатын әдіс ойлап тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытай ғалымдары жасушалық деңгейде өлімге алып келетін дерттің алдын алатын дәрі ойлап тапқанын айтты. Мамандар бұл коронавирусты тежейтінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл әдісті Қытай Халық Республикасы Ғылым академиясы Ухан вирусология институтының мамандары олардың ойлап тапқанын жария етті.

Аспан асты елінде қауіпті вирус тарай бастағаннан кейін, мамандар дерттің қоздырғышын зерттеуге кірісті. Сондай-ақ, олар коронавирустың қайдан пайда болатынын анықтауға тырысты деп жазады РИА Новости.

Вакцинаны табу үшін мамандар алдымен әлемдік ғалымдар әзірлеген вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді тексеріп шыққан. Қазіргі уақытта анықталған әдіс тышқандар мен приматтарда сыналатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Cоңғы мәліметтер бойынша, аспан асты елінде коронавирустан қаза тапқандардың саны 162 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайлық ғалымдар коронавирустың алдын алатын әдіс ойлап тапты