Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"200 млн": Криштиану Роналду әлемдік рекордқа қол жеткізді

Опубликовано:

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram әлеуметтік желісінде 200 миллион оқырман жинаған әлемдегі тұңғыш адам атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/cristiano
Фото: Instagram/cristiano: Instagram

Қуанышты жаңалықты әлемнің үздік ойыншыларының бірі ресми парақшасында бөлісті.

"Керемет 200 миллион! Қуанышты күнде менімен бөліскеніңіз үшін әрқайсыңызға алғысым шексіз", - деп жазды Криштиану Роналду.

"Ювентус" шабуылшысының "желідегі қарсыласы" әнші Ариана Гранде оқырманы жөнінде екінші орында тұр. Өнер иесіне 173 миллион фолловер тіркелген.

  • Ал атақты актер Дуэйн Джонсты 170 миллион адам оқиды.
Одан бөлек, Криштиану Роналду өткен маусымда дүниежүзі бойынша Instagram желісі арқылы ең көп пайда тапқан адам атанған.

Футболшы 2019-да 34 жарнамалық жазба жариялады.

Осы қызметі арқылы "Ювентус" шабуылшысы демеушілерінен 38,2 миллион фунт алған (19,8 млрд теңге).

  • Демек оның Instagram желісіндегі бір жазбасы 780 000 фунт тұрады (391,7 млн теңге).

Футболшы көп жарнама жасаған брендтердің қатарында Nike, CR7 Play it Cool әтірі бар.

Айта кетейік, Роналду әлемдегі ең ауқатты спортшылардың қатарында.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, оның қазіргі уақыттағы байлығы 300 миллион еуродан асады.

Осыған дейін БАҚ беттерінде футболшының байлығын сүйіктісіне мұра етіп қалдыратыны жайлы ақпарат та тараған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1838519-200-mln-kristianu-ronaldu-lemdik-rekordka-kol-zetkizdi/

pixel