Выйти
RU

Желіде қазақстандық екі студент коронавирус жұқтырды деген хабарлама тарады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде арты өлімге әкеп соқтыратын коронавирус Қазақстанға да жетті деген хабарламалар таралуы жалғасып жатыр. Бұған дейін қазақстандықтар елімізде қауіпті жұқпалы ауру тіркелді деген хабарламаны жіті талқылады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіде қазақстандық екі студент коронавирус жұқтырды деген хабарлама тарады

Көрнекі фото: pixabay.com

Cондай-ақ, таралып жатқан хабарламаларда вирусты жұқтырғандардың бәрі 24 сағаттың ішінде көз жұмады деп айтылған.

Аталған ақпаратқа қатысты тіпті Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді. Онда хабарламаның шындыққа жанаспайтыны, Қазақстанда жағдайдың бақылауға алынғаны және қауіп төндірмейтіні хабарланды.

Алайда, денсаулық сақтау министрлігі мен мемлекеттің бас санитар дәрігерінің елде жұқпалы ауру тіркелмегені туралы хабарландыруына қарамастан, желіде дүрліктіретін хабарламалар әлі де тарауда.

"Мой ГОРОД" басылымының ақпарынша, Оралда жергілікті халықтың арасында екі студенттің короновирус жұқтырғаны туралы аудиохабарлама таралып жүр.

Ауру жұқтыру оқиғасы педагогтың атынан әңгімеленді. Хабарламада әйел екі студенттің "коронавирус" диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілгенін айтқан.

Сонымен қатар, хабарламада ата-аналарға балаларына маска тағуға кеңес беріледі. Автордың пікірінше, оларды көп қылып алып қою керек екен. Сондай-ақ, хабарламада адамдардың ойын-сауық орталықтарына, халық көп жиналған жерлерге бармай жүргені айтылдаы.

Аудиохабарламамен қатар видео да бірге жүр. Оның кадрларында қорғаныш киім киген дәрігерлерді көруге болады.

Дегенмен хабарлама мұнымен тоқтап қалған жоқ. Белгісіз біреу мессенджерлердегі хаттың скриншотын желіге салып жіберген. Онда коронавирустың салдарынан екі отбасының ауруханаға түскенін көруге болады. Бұл ақпаратты мекеме медбикесі айтқан көрінеді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасында аталған хабарламаларға қатысты пікір білдіріп, олардың шындыққа жанаспайтынын айтылды. Ал видео оқу-жаттығу кезінде түсірілген.

Естеріңізге сала кестек, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Кезекті жиында Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Желіде қазақстандық екі студент коронавирус жұқтырды деген хабарлама тарады