Выйти
RU

25 жастағы танымал КВН ойыншысы инсульт алып, комаға түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Армяндық құрама" көңілді тапқырлар клубының ойыншысы 25 жастағы Овик Григорян комаға түсті. Команданың Instagram желісіндегі парақшасында ер азаматта мидың аневризмасы бар екені көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/armyanskaya_sbornaya

Фото: instagram.com/armyanskaya_sbornaya

Григорянның командадағы достарының айтуынша, ол 8 қаңтарда өзін жайсыз сезінген. Содан кейін дас жігіт инсультпен ауруханаға түскен.

Ол медициналық мекемеде тиісті ем қабылдап шыққаннан кейін, 23 қаңтарда "Армяндық құрама" тобындағы достарымен демалып отырып, есін жоғалтыпты.

Дәрігерлер көңілді тапқырлар клубы қатысушысының жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

"Ол өздігінен дем алады, бірақ миында гематома көп болғандықтан, оны емдеу әлі мүмкін емес. Григорян біршама жақсарған кезде, оған ота жасауға болады", - деп түсіндірді әзілдегі әріптестері.

Instagram желісіндегі командалар емделуге қаражат жинай бастаған.

Алдын-ала мәлімет бойынша, Григорянның еміне 1,5 миллион рубль қажет.

Еске сала кетейік, бұған дейін Юрий Дудьқа берген сұхбатында Нұрлан Сабуровтың бір кездері Италияда "өте бай қазақтардың" алдында өнер көрсеткенін, сондай-ақ, көңілді тапқырлар клубындағы кемшіліктерді атағаны туралы жазған едік.

Кейінірек Масляков Сабуровтың КВН туралы күтпеген мәлімдемесіне пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
25 жастағы танымал КВН ойыншысы инсульт алып, комаға түсті