Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Несие алған соң отбасын қарызға батудан қалай құтқаруға болады

Опубликовано:

Несие алмас бұрын, банктер барлық жағдайды егжей-тегжейлі сараптауға кеңес береді: қаржылық мүмкіндіктерге баға беріп, несиені төлеу мерзімі мәселе емес екеніне көз жеткізу керек. Алайда қарызға белшеңнен бату қаупін төмендететін тағы бір кеңес бар. Ол туралы NUR.KZ журналисі Еуразиялық банктің баспасөз қызметінен сұрап білді.

Несие алған соң отбасын қарызға батудан қалай құтқаруға болады
Фото: depositphotos.com: Facebook
«Несиені төлеу барлық міндетті шығындардан кейін - көлік, тамақ, коммуналдық қызметтер және т.б. үшін ай сайынғы кірістің 30-40%-ынан аспағаны жөн. Сонымен қатар, егер депозитке 3-4 несие төлемін жинап қою мүмкін болса, бұл жақсы көмек болады», —деп мәлімдеді Еуразиялық банктің баспасөз бөлімінде, — бірақ өзіңізді күтпеген жағдайлардан қорғаудың тағы бір тәсілі бар - ол сақтандыру».

Баспасөз қызметкерлерінің сөзінше, мысалы, ипотека рәсімдеу жазатайым оқиға болған кезде сақтандыруды ерікті түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бұл дегеніміз, егер қарыз алушы қайтыс болса немесе жұмысқа қабілетсіз болса (I, II, III топтағы мүгедектік тағайындалып), жазатайым оқиға салдарынан сақтандыру компаниясы ипотекалық несиені төлеу үшін банкке келісілген соманы төлейді.

«Сақтандыру рәсімі қызметке жүгінген адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда оның міндеттемелерін қорғайды, —деп атап өтті банктің баспасөз қызметі. — Оның сомасы келісімшартпен белгіленеді. Сақтандырусыз төлемнің барлық ауыртпалығы (сақтандыру жағдайында) туыстарының мойнына артылады».

NUR.KZ редакциясы егер сақтандыру жағдайы орын алмаған болса, көбінесе сақтандыру сомасын қайтаруға болатындығын ескертеді.

Сақтандыру келісімшартына қол қоюдан бұрын оны мұқият оқып шығыңыз және қаражаттың қайтарылуын көрсететін тармақтың бар-жоғына көз жеткізіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838530-nesie-algan-so-otbasyn-karyzga-batudan-kalaj-ktkaruga-bolady/

pixel