Выйти
RU

Отандық режиссер Айсұлтан Сейітов кезекті туындысымен көпті тәнті етті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов Yves Saint Laurent атымен әлемге әйгілі болған люкс брендтің ролигін түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Талантты қазақ баласы шығармашылық мансабындағы жетістігін Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Видеодан атақты париждік сән үйінің көктем мен жаздық жаңа топтамасының промо-ролигін көруге болады.

Айсұлтанның қолдаушылары бірауыздан оның жұмысына тәнті болғандарын жеткізіп, жас режиссерге сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Saint Laurent - Париждегі сән үйі. Оны Ивом Сен-Лоран мен оның серіктесі Пьер Бергер 1961 жылы құрған.

Атақты бренд 1999 жылдан бастап Gucci компаниясының иелігінде болды.

Оның қазіргі уақыттағы дизайнері - Энтони Ваккарелло болып табылады.

Ив Сен-Лоран өзінің сән үйінде бірқатар атақты киім үлгілерін шығарған.

Оларға "Мондриан" көйлегі мен әйелдерге арналған Le Smoking костюмі, сафари курткалары мен ашық көйлектер жатады.

Еске сала кетсек, өткен жылдың жазында Айсұлтан Сейітовтің клипі MTV Video Music Awards 2019 сыйлығына ұсынылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Отандық режиссер Айсұлтан Сейітов кезекті туындысымен көпті тәнті етті