Выйти
RU

Коронавирус дерті өршіді: ДДСҰ шұғыл жиналыс өткізетін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өлімге әкелетін коронавирусты жұқтырған науқастардың тез өсуіне байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиналыс өткізу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Хабарлама ұйымның ресми сайтында жарыққа шықты.

Онда кездесу бүгін, 30 қаңтарда өтеді деп жоспарланған. Жиналысқа денсаулық сақтауды реттеу жөніндегі халықаралық комитеттің мүшелері қатысады.

Отырыс коронавирустың белең алуына байланысты ұйымдастырылғаны белгілі болды.

Жиналыс барысында комитет өкілдері дерттің халықаралық деңгейдегі төтенше сипаты мен вируспен күресу үшін қандай шаралар қолдану керектігін айту керек деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Cоңғы мәліметтер бойынша, аспан асты елінде коронавирустан қаза тапқандардың саны 170 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус дерті өршіді: ДДСҰ шұғыл жиналыс өткізетін болды