Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Мирзиеевтің қызы лауазымды қызметінен кетті

Опубликовано:

Шавкат Мирзиевтің қызы Саида Өзбекстанның ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары қызметінен кетті. Ол мемлекеттік емес секторда жұмыс істегісі келетіні туралы ойын жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

шавкат
Саида Мирзиеева. Фото: Спутник Өзбекстан: UGC

Саида Мирзиеева өзінің бұл шешімі туралы президент әкімшілігі басшысының төрағалық етуімен өткен кеңейтілген жиында айтқан.

Ол өзінің агенттікте атқарған жұмыстары жөнінде есеп беріп, алдағы жоспарымен де бөлісіпті.

Жиында Мирзиееваның бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы демократиялық реформалары, журналистер мен блогерлерді қорғау, мемлекеттік органдардың БАҚ-пен байланысын нығайту саласындағы еңбегі аталып өткен.

Айта кетерлігі, Шавкат Мирзиеевтің қызы бұл қызметті 2019 жылдың сәуір айынан бастап атқарған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Өзбекстан президенті Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесіне қатысты пікір білдірді. Шавкат Мирзиеев өз елінің аталмыш ұйымға мұлдем мүше болмайтынын кесіп айтты.

Сондай-ақ, Өзбекстан парламенті елдің жаңа премьер-министрін бекітті.

Бұл лауазымға елдің бұған дейін үкімет басшысы болған Абдолла Арипов лайық деп танылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1838549-savkat-mirzieevti-kyzy-lauazymdy-kyzmetinen-ketti/

pixel