Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіспей жатады": Ақбота Айдарқұлованың енесімен араздасып жүргені рас па

Опубликовано:

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Дәурен Айдарқұлов әйелі мен анасының арақатынасы жайлы бар шындықты ашты. Өнер иесі енесі мен келінінің арасында келіспеушілік орын алып тұратынын жасырмады. Оған қоса, ол мұндай жағдайда өзі кімді жақтайтынын да айтып қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айдарқұлов отбасында жалғыз ұл болғандықтан, ата-анасымен бір шаңырақ астында тұрады.

Алайда, келіншегі мен анасының арасындағы қақтығыстар оны кейде бөлек шығуға ойландырып қоятын көрінеді.

Әзілкеш жанұя болған соң, кей жағдайда келіспеушіліктер болып тұратынын жоққа шығармады. Алайда, ол келіні мен енесінің арасындағы дауда алдымен екі тарапты да тыңдап алғанды жөн санайды екен.

"Енді, әрине ас үйді бөлісуге қатысты анам мен келіншегім кейде келіспей жатады. Бірақ, бұл әйелдерге тән әрекеттер ғой. Бізге еш қатысы жоқ, бірақ септігі үлкен. Жігіт бірінші, анасымен бөлек келісіп, сосын келіншегімен бөлек сөйлесу керек. Одан кейін мәселені таразыға салып, шешуге болады. Ең бастысы дұға қыламыз, Алладан сұраймыз түсінбей жатқан адамға түсінсін деп" , - деді Айдарқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Айдарқұлов әйелі келіндік міндетін дұрыс атқармай жүргенін айтып қойған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1838550-akbota-ajdarklovany-enesimen-arazdasyp-zrgeni-ras-pa/

pixel