RU
Зейнетақы жинағынан мерзімінен бұрын ақша шешіп алуға бола ма

Зейнетақы жинағынан мерзімінен бұрын ақша шешіп алуға бола ма

Рассказать Вконтакте

Елімізде зейнетақы жинағынан мерзімінен бұрын ақша шешіп алуға белгіленген меже төмендетілуі ықтимал. Енді 30 жастағы азаматтарға жинақта 6 миллион 700 мың теңгеден кем болмауы керек. Алдыңғы жолы бұл 8 миллионнан асатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Телеарна дерегінше, зейнетақы жинағынан мерзімінен бұрын ақша шешіп алуға белгіленген меже әйелдерге 10 миллионнан тек 400 мың түсірілген.

Белгілі болғандай, алдағы екі ай көлемінде арнайы жұмыс тобы қазақстандықтардың баспана алуға немесе оқуын төлеуге зейнетақы қорларынан қаржы пайдалану механизмін әзірлейді.

Егер зейнетақы қорындағы қаржы мөлшері тиісті сомада болса, жұрт жинағын ем-домға да жұмсай алады.

"30 жастағы азаматқа қажетті жарна 6 миллион 695 мың теңгені құрайды. Себебі, тағы 33 жылдай зейнет жасына жеткенше жинау мүмкіндігі бар", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстандағы жұмысшылардың арасында тиісті жарнаны жинағандардың саны 113 мыңға жуық.

  • Егер 50 жастағы ер адамның зейнетақы қорында 7 миллион 244 мың, зейнет жасындағы ер адамда 8,2, ал зейнетке шыққан нәзік жандылардың жарнасы 10,1 миллион теңге болса, бұл қаражатты ішінара пайдалана алатыны белгілі болды.

Ал сарапшылар мұндай межедегі ақшаны жинау "мүмкін емес" деген пікірде.

"Қарапайым халықтың ешқашанда 30 жаста 6 жарым миллион таба алмайтыны бесенеден белгілі. Ол, тіпті, қиянат. Шындыққа, ақиқатқа жасалған қиянат", - деді экономист Жангелді Шымшықов.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе отырып қазақстандықтардың зейнетке шықпай тұрып зейнетақы қорындағы қаржыны қолдана алу мүмкіндігін іске асыратын бағдарламаны ойластыруды тапсырған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Дереккөз: КТК телеарнасы

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel