Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісіне тапсырма берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

тоаөев
Фото: Ақорда: UGC

Кездесу барысында Қазақстан президенті Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Иманғали Тасмағамбетовтың орнына Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі тағайындалғаны туралы жазған болатынбыз.

Ермек Көшербаев бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары болған.

Мемлекет басшысының жарлығымен ол вице-министр қызметінен босатылып, Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды.

Ал бұған дейін аталмыш қызметті атқарған Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына байланысты орнынан босатылған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1838568-tokaev-kazakstanny-resejdegi-zaa-elsisine-tapsyrma-berdi/

pixel