Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Моншада лаңкестікке үгіттеген үш ақтөбелік азаматқа сот үкім шығарды

Опубликовано:

Ақтөбедегі қалалық моншаның ішінде лаңкестікке ашық түрде үгіттеген үш ер адам ұзақ мерзімге түрмеге қамалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Моншада лаңкестікке үгіттеген үш ақтөбелікке қатысты сот үкім шығарды
Сотталушылардың бірі. КТК телеарнасынан кадр: UGC

Сот алдында күдікті ретінде үш ер адам жауап берген. Олардың ең үлкені 47 жаста, ал кішісі 27 жаста.

Екеуі де соттан ештеңе жасырмай, бәрін мойындаған. Ал үшінші ер адам бастапқыда жалтарғанымен, қорғаушысының ұсынысынан соң айыптаумен келіскен. Үгітшілер жеңілдеу жаза беріледі деп күткен.

Процесс барысында олардың жергілікті моншада өздерінің заңсыз көзқарастарын таратқаны анықталған.

Клиенттердің бірі мұндай іс-әрекетті дұрыс емес деп есептеп, оны ұялы телефонына түсіріп алған.

Қала түрғындарына қатысты қозғалған іс Қылмыстық кодекстің терроризмді насихаттау, экстремистік топтарға қатысу және тыйым салынған заттарды сақтау баптары бойынша қаралған.

Үшеуінің де тұрақты жұмыстары болмапты.

Сот оларды кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырған. Олар жазаларын қауіптілігі орта деңгейдегі колонияда өтейтін болады.

Телеарнаның жазуынша, үкім шығарған сот залына сотталушылардың туыстары келмеген. Тек біреуінің ғана әйелі болған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін ақтөбелік үш жігіттің моншада отырып, экстремизмге үгіттегені хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838570-monsada-lakestikke-gittegen-s-aktbelik-azamatka-sot-kim-sygardy/

pixel