Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атаулы әлеуметтік көмекке ілінбеген отбасыларға қосымша көмек беріле ме

Опубликовано:

Үкімет жергілікті органдарға атаулы әлеуметтік көмекке ілінбей қалған отбасыларға көмектесуді тапсырды. Бұл туралы бүгін, премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы вице-премьер мәжілісте өткен кездесуде айтты.

"Табысына қарай кейбір отбасылар қазіргі уақытта алып жатқан атаулы әлеуметтік көмекке ілікпей қалуы мүмкін. Сол себепті жергілікті органдарға тапсырма берілді. Көмектен қағылған отбасыларға жергілікті жерден, демеушілер арқылы көмектесу, қолдау керек", - деді ол.

Сапарбаевтың сөзінше, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша барлық ауылдық округтен бастап облыс орталықтарына дейін штабтар құрылып, жауапты адамдар бекітілген.

"Біз күніне екі рет өңірлерден мәлімет алып тұрамыз. Чаттар жұмыс істейді", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Ол биыл үкімет 11 мың көпбалалы, тұрмысы төмен отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздеп отырғанын жеткізді.

Екі мыңға жуығы демеушілердің есебінен баспаналы болатыны да айтылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа заң аясында табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалатынын айтқан болатын.

Сонымен қатар, отбасында еңбекке жарамды адамдар болса, оларға жұмыс ұсынылатынын, ал егер де жұмысқа қабілетті адам қызметтен бас тартса, онда АӘК бүкіл отбасына төленбейтін еске салған еді.

Сонымен қатар 2020 жылы Нұр-Сұлтанда АӘК тағайындауға қай айдан бастап құжаттар қабылданатынын да хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838592-atauly-leumettik-kmekke-ilinbegen-otbasylarga-kosymsa-kmek-berile-me/

pixel