Выйти
RU

"Бұны ешкім күтпеді": Исламханның қандай клубта өнер көрсететіні белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан құрамасының капитаны әрі алматылық "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Бауыржан Исламхан жаңа маусымнан бастап Біріккен Араб Әмірлігінің чемпионатында өнер көрсетеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/islamkhan_9

Фото: Instagram/islamkhan_9

Бұл туралы футболшының агенті Марат Арчегов мәлімдеді.

Оның сөзінше, Исламхан Біріккен Араб Әмірлігіне жаңа клубпен еңбек келісім-шартына отыру үшін аттанып кеткен.

"Қайраттың" бұрынғы капитаны жаңа маусымнан бастап "Аль-Айн" клубының ойыншысы атанбақ.

Хорватиялық маман Иван Леко баптайтын "Аль-Айн" өз елінің 13 дүркін жеңімпазы және Азия чемпиондар лигасының 2013 жылғы иегері болып табылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Зенит" футбол клубының бас директоры Александр Медведев Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Қайрат" ойыншысы Бауыржан Исламханның ресейлік команда сапында Катарға аттанғанын мәлімдеген еді.

Футболшы онда екі жолдастық кездесуге қатысып, қол голдық пастың иегері атанған.

Ресейлік клубтың алғашқы оқу-жаттығуы аяқталған соң, Исламхан Алматы қаласына ұшып кетті.

Ал "Зенит" клубының бапкері Сергей Семак, қазақстандық футболшының "тағдыры" бойынша сұрақ алдағы күндері шешілетінін мәлімдеген.

Кеше, "Зенит" клубы Бауыржан Исламханға қатысты шешім шығарды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бұны ешкім күтпеді": Исламханның қандай клубта өнер көрсететіні белгілі болды