Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сезім суыды": Опасыздық жасаған күйеуінен суынған келіншек өзгені сүйіп қалғанын айтты

Опубликовано:

Тұрмыс құрғанына үш жыл болған келіншек желіде жан сырын ақтарды. Айтуынша, ол кезінде опасыздық жасаған күйеуіне бүгінде мүлде сезімі жоқ екенін ашып айтты. Келіншек екінші баласын дүниеге әкелгеннен кейін өзге ер адамды сүйіп қалыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Көңілім қалды": Опасыздық жасаған күйеуінен суынған келіншек өзгені сүйіп қалғанын айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы әйел Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында жазды.

"Отбасын құрғаныма үш жылдың жүзі болды. Сезім баяғыда суыған. Екі баламыз бар. Жуырда екіншісін босанып, өзгені шын ұнатып қалғанымды түсіндім. Оны есіме алсам, ішім алай-дүлей болады да тұрады. Бұл сезімді бастан кешпегеніме біраз жыл болыпты. Күйеуіммен алғашқы кездесіп жүрген кездері осылай еді. Кейін мүлде бір-бірімізге суып кеттік. Мен оны сыйлаймын.
Ол отбасын асырап, балаларын да тәрбиелеп үлгеріп жүр. Алайда бір кездері көзіме шөп салған. Сол кезде одан көңілім қалған еді. Қанша өзгерер деп күттім, тіпті, екеуіміз сөйлесіп, балаларымыз үшін отбасымызды сақтап қаламыз деп шешкен едік", - деп ағынан жарылды ол.

Келіншектің сөзінше, ол өзге ерлер қауымының жанында өзін тартымды сезінеді екен.

"Үйде болмаған кезде өзімді тартымды, сұлу сезінемін. Өзіме жас жігіттердің қалай қарағанын байқаймын. Ал күйеуіммен өзімді жайсыз сезінемін. Оны сүйе алмаймын. Тек бір шаңырақтың астында тұрғанымыз болмаса...Оған барлық жағынан тәуелдімін", - деп ағынан жарылды келіншек.

Еске сала кетсек, күні кеше тұрмыстағы келіншек төсек қатынасына түсуге ерінетін күйеуіне шағымданған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838603-sezim-suydy-opasyzdyk-zasagan-kjeuinen-suyngan-kelinsek-zgeni-sjip-kalganyn-ajtty/

pixel