Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте Төлешовтің талап арызы бойынша мүлікке тыйым салу басталды

Опубликовано:

Шымкенттің мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Мәлік Майсақановтың ұйғарымымен Тоқтар Төлешовтің талап арызын қамтамасыз ету үшін қаладағы бұрынғы балабақшаның мүлкі мен жер учаскесіне тыйым салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте Төлешовтың талап-арызы бойынша мүлікті тәркілеу басталды
Фото: ҚР ҰҚК: UGC
"Арыз беруші мәлімдеген мүліктік емес сипаттағы – жылжымайтын мүліктің сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі туындады. Осыған байланысты МКК 156-бабы 1-тармағында көзделген қамтамасыз ету шарасын қолдану, яғни, жылжымайтын мүлікке тыйым салу қажет.
Тоқтар Төлешов Жүсіпұлының талап арызын қамтамасыз ету ішінара қанағаттандырылсын", - делінген анықтамада.

Қазір даудың қаралуына және сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін:

- Шымкент қаласы, Сайрам көшесі, 198 мекенжайында орналасқан "Арман" балабақшасының ғимараты, кадастрлық нөмірі 19-309-030-133 жер телімімен.
- Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы, Майлықожа көшесі, 30 А мекенжайы бойынша кадастрлық нөмірі 19-309-004-289 жер учаскесі бар ғимарат, қосалқы үй-жайлар және шатырлар жылжымайтын мүліктеріне тыйым салынды.

Сондай-ақ, Төлешов өз арызында "Шымкент сыра қайнату зауыты" ЖШС-нің 256 224 611, 68 теңгесін тәркілеуді сұраған. Алайда, бұл арызын сот қанағаттандырудан бас тартты.

15 қаңтар күні МАЭС мүлікке тыйым салудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Сол кезде іс бойынша төрағалық етуші судья Мәлік Майсақанов Төлешовтің арызында мүлікті тәркілеуге негіз таппады.

Десе де, белгілі болғандай, бес күннен кейін Тоқтар Жүсіпұлы сотқа бұл шараның қажеттілігін негіздеген.

Айта кетейік, екі нысан да кезінде сыра королі Төлешовтің өзіне тиесілі болған, алайда іс жүзінде балабақша бірнеше жылдан бері жұмыс істемей тұрған.

Қазіргі таңда сот орындаушысы екі нысанға да тыйым салды.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқтар Төлешов өзінің бұрынғы сыра зауытымен соттасқалы жатқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838604-symkentte-tlesovty-talap-aryzy-bojynsa-mlikke-tyjym-salu-bastaldy/

pixel